Мақалаларға қойылатын талаптар

Конференция материалдарын пішімдеу бойынша авторларға арналған нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.

Мақала жіберген кезде оның түпкілікті күйінде, жариялануға дайын екендігін және мұқият тексерілгенін қамтамасыз ету маңызды. Жарияланғаннан кейін өзгертулерге рұқсат етілмейді, сондықтан мақалаңызда қателер бар-жоғын тексеріңіз.

Тезистерге қойылатын талаптар:

  • Жариялауға ұсынылатын барлық материалдардың теориялық және практикалық мәні болуы, сонымен қатар конференция тақырыбының біріне сәйкес болуы керек;
  • Ұсынылған авторлар саны 5-тен аспауы керек;
  • Бір адам екіден көп баяндаманың авторы немесе бірлескен авторы бола алмайды.
  • Мақалада келесі бөлімдер болуы керек: Кіріспе, Материалдар мен әдістер, Нәтижелер, Талқылау, Қорытынды, Авторлық үлестер («Алғыс», оның ішінде қаржыландыру көзі бөлімдері қажет болғанда жазылады);
  • Мақалада аннотация болуы керек (150-200 сөзден аспауы керек), түйінді сөздер (5-10 сөз);
  • Мәтін Times New Roman, 12 pt шрифтпен терілуі керек. Бір жол аралығы. Абзац шегінісі – 1 см;
  • Мәтінде диаграммалар мен кестелер болуы керек. Барлық иллюстрациялар мәтіннің шекарасында болуы керек (парақтың шеттеріне дейін созылмауы керек);
  • Сілтемелер талаптарға сәйкес ресімделуі керек. Жоғары рейтингті халықаралық журналдардағы дереккөздерге (мақалаларға) сілтемелер жасалуы ұсынылады. Әдебиеттер тізіміндегі сілтемелер саны кемінде 10-нан кем болмауы керек;
  • Өзіндік дәйексөз 15%-дан аспауы керек;
  • Авторларға этикалық ережелер мен жалпы редакциялық нұсқауларды қатаң сақтау ұсынылады https://www.e3s-conferences.org/doc_journal/woc/e3sconf_editorial_guidelines.pdf
  • Барлық мақалалар міндетті түрде плагиаттық тексеруден өтеді (https://kaznu.kz.antiplagiat.com/) және екі рет қайта қарауға жіберіледі. Мақаланың түпнұсқалық пайызы кем дегенде 80%-дан кем болмауы керек.

 

МАҚАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ - 29 АҚПАН 2024 ЖЫЛ!
ТІРКЕЛУ МЕН ТӨЛЕМ ЖАСАУДЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ - 11 НАУРЫЗ 2024 ЖЫЛ!