Al-Farabi KazNU
Faculty of Biology and Biotechnology
IFBioSciFU 2026
Сіздерді «Биология ғылымдарының тұрақты дамуының заманауи тенденциялары» II Халықаралық форумына қатысуға шақырамыз. Форум әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және биология және биотехнология факультеті тарапынан ұйымдастырылып, 4 тақырыптық симпозиумды қамтиды, қазіргі биология ғылымының өзекті мәселелерін талқылауға арналған және көрнекті қазақстандық ғалымдар — Н.М. Мұхитдинов, С.Т. Нұртазин, Г.З. Бияшев, А.М. Кустубаева және С.Т. Төлеухановтың мерейтойларына орай өткізіледі
Бұл форумға қатысуыңыз біздің жаһандық өзекті мәселелерді шешуге деген ортақ ұстанымымызды айқындайды. Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізудегі ынтымақтастық пен ынтымақты нығайтуға бағытталған бірегей халықаралық ғылыми алаң болып табылады. Биология адамзат өркениетінің дамуында аса маңызды рөл атқарады. Адам өмірі биологиялық заңдылықтарға негізделген. Биологияның әртүрлі салаларында күн сайын жаңа ғылыми жаңалықтар ашылып, адам қызметінің түрлі бағыттарына озық технологиялар енгізілуде.
Ағзалардың және тұлғаның дамуы, денсаулықты сақтау, қолайлы орта қалыптастыру, биологиялық ресурстарды тиімді пайдалану, өмір сүру ұзақтығын арттыру, тіршілікті қамтамасыз ету мәселелерін шешу, табиғи жағдайлар мен ресурстардың өзгеруі мен сарқылуы, табиғатты ұтымды пайдалану, биотехнологияларды қолдану, Жер планетасын сақтау сияқты көптеген мәселелер биологиялық білім мен заманауи ғылыми жетістіктер негізінде қарастырылады және шешімін табады.
Сондай-ақ, бұл форумның екінші рет өткізіліп отырғанын және алдағы уақытта халықаралық ғылыми платформа ретінде тұрақты түрде ұйымдастырылатынын атап өтеміз. Форум тәжірибе алмасуға, ынтымақтастықты нығайтуға және пәнаралық зерттеулерді дамытуға бағытталған.
Форум материалдары (proceedings) Scopus дерекқорында жарияланып, индекстелетін болады, бұл іс-шараның жоғары ғылыми деңгейін және ұсынылған зерттеулердің маңыздылығын көрсетеді.
Форум аясында талқыланатын климаттың өзгеруі, ресурстардың сарқылуы және қоршаған ортаның ластануы сияқты жаһандық мәселелерге бағытталған пікірлер мен идеялар интеллектуалды әрі экологиялық тұрғыдан орнықты болашақ қалыптастыруға елеулі үлес қосады деп сенеміз.
Ізгі ниетпен,
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ